Kazakhstan! 2026 «Айғайлап жерге жатып алды. Еш нәрсе істеген жоқпын!»: Сыныптасын зорлады деген 17 жасар жігіт өз шындығын айтты, «Сыныптасым достарымен бірге зорлады…»: Руслан Өтепбай 17 жасар студенттің сұмдық оқиғасы туралы айтты, Ақтауда шулы видеоның таралуы: 7 жылға дейін жаза қарастырылған, «Жалған анықтамамен құтылып кетуі мүмкін»: Нұрай Серікбай ісі бойынша тың дерек айтылды, Құдай күйеуім мен енемнің жазасын берсін: Шымкентте балаларын қорлаған 29 жастағы әйел сотталды, Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жайлы тың дерек шықты, Анасын аяусыз ұрып қабырғасын сындырған, Амангелді Джахиннің ісі жабық сотта қаралады, Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді, “Жүйкемді жұқартты… Осы қылмысқа итермеледі”: Қайын жұртын қырып тастаған күйеу бала сотта мәлімдеме жасады, «Өлім жазасына дайынмын»: Атырауда қайын жұртын қырып тастаған күйеу бала сотта мәлімдеме жасады, “6 жерінен пышақтаған”: Талдықорғанда 20 жастағы жігіт оқушының қолынан қаза тапты, Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады, Житель Костанайской области рассказал как мошенники едва не лишили его миллионов, На пункте пропуска «Аят» пресечена попытка незаконного вывоза лома цветных металлов, Суд оставил в силе решение по делу о клевете в отношении замакима Костанайской области, В Костанае продажа алкоголя в ночное время стала причиной убийств, «4 -7 жылға дейін жаза қарастырылған»: журналист Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды, Шымкентте Нұрайдың қазасына қатысты “Некеге тұруға мәжбүрлеу” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, ІІМ кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісін бақылауына алды, «Сүйектері табылса екен»: Атырауда жоғалған отбасының жақындары сұхбат берді (ВИДЕО), Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды, ШҚО-да тағы бір есірткі зертханасы жойылды, Шымкентте 26 жастағы бойжеткенді өлтірген оқушы жайлы тың ақпарат тарады, Маңғыстауда күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы ұсынылды, Белсендінің балаларына қысым жасады деп шағымданды, Алматы полиция есірткі қылмыстары үшін іздеудегі тұлғалардың бет-әлпетін жариялады

2026.5.20 «Айғайлап, жерге жатып алды. Еш нәрсе істеген жоқпын!»: Сыныптасын зорлады деген 17 жасар жігіт өз шындығын айтты
Танымал журналист Руслан Өтепбай «сыныптасым зорлады» деген 17 жасар қыздың ісі бойынша зерттеу жүргізді, деп жазады.
Журналист 17 жасар қыз айыптап отырған Бекзатхан есімді жігітпен сұхбат құрды:
Басында сыра ішеміз дедік. Сосын ол «Жоқ, арақ ішеміз. Анау-мынау» деді. Ішке кіріп Қызылжар деген арақты алдық бірінші. Үш бала болып, Макси чайға араластырып ішіп отырғанбыз. Өзі арақты көтеріп отырды. Бір кезде ол Макси чайсыз ішсеңдерші деді. Бәріміз солай ішіп бастадық. Екі бала екінші бөтелкені алып келуге дүкенге кетті. Екінші бөтелкені іштік. Сүйтіп, құсып жатты. Туалетке қарай апарып тастадым. Бетін мұздай суға жудым. Өзім жаттым шетте. Бір кезде тыр жалаңаш шықты. Диванға келіп, киімсіз жатты. Жанында жаттым. Еш нәрсе істеген жоқпын. «Құсам, құсамын» деп, туалетке кеткен. «Көмектесіңдер! Зорлап жатыр» деп айқайлап кетті. Мен артынан бардым да, «Ей, сен, жындысың ба?!» деп қолынан тарттым. Айғайлап, жерге жатып алды. Паника күйінде тұрдым. Не істерімді білмей, сыртқа қашып кеттім.

2026.5.20 Құдай күйеуім мен енемнің жазасын берсін: Шымкентте балаларын қорлаған 29 жастағы әйел сотталды
Сот мәліметінше, әйел балаларын ұрып-соғып, денесін ыстық үтік пен қыздырылған шанышқымен күйдірген.
Шымкентте өз балаларын азаптады деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды.
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше, әйел 9 жастағы ұлы мен 11 жастағы қызына қорлық көрсеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, бәрі әйелдің ұлын темекімен көргенінен басталған. Ол баланы ұрып-соғып, кейін қыздырылған шанышқымен аузын күйдірген.
Келесі күні әйел баланың кешірім сұрағанына қарамастан, оны тағы да соққыға жыққан. Ал арада екі күн өткен соң балаларды 10 мың теңге ұрлады деп күдіктеніп, ұлының бетін ыстық үтікпен, қызының ішін күйдірген.
Одан кейін анасы балалардың шашын тақырлап алып тастаған. Сотта бұл әрекет балаларға психологиялық зардап келтіргені айтылды.
Сондай-ақ әйелдің балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлегені, кейін оларды қылқындырғаны анықталды.
Сотта әйелдің кінәсі балалардың өз жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға орнын қарау материалдарымен және айыпталушының мойындауымен дәлелденген.
Прокурор әйелді 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілердің өкілі – әйелдің бұрынғы енесі – сотталушыны кешіргенін айтқан.
«Сот жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні мойындау мен өкінуді ескерді. Сондай-ақ әйелдің ата-ана құқығы шектелгені назарға алынды. Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сотта Ергешова мұндай әрекетке ауыр тұрмыс пен жоқшылық салдарынан барғанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі Францияға кетіп, өзін төрт баламен қаражатсыз әрі азық-түліксіз қалдырған. Сот залында сөз сөйлеген әйел, күйеуі мен енесін қарғап үлгерді.
«Күйеуім мені үнемі ұрып-соқты. Енем мен күйеуіме құдай жазаларын берсін. Балаларымның мемлекеттің қарауына болғанын қалаймын. Он жыл бойы көрген қорлығымнан кейін шыдамым таусылды. Енем мен күйеуімді құдай жазаласын. Менде кек алу ойы болған жоқ. Аффект жағдайында болдым. Көзіме ештеңе көрінбеді… Күйеуім Францияға кетіп, мені көк тиынсыз қалдырды. Үйде тамақ та, газ да болмады. Соның бәрі мені қатты ызаландырды, – деді әйел сотта», – деді сот залында жылаған әйел.
2026.5.19 “6 жерінен пышақтаған”: Талдықорғанда 20 жастағы жігіт оқушының қолынан қаза тапты
7 мамырда Талдықорғанда 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Анасының сөзінше, сол күні ол достарымен футбол көру үшін күдіктінің пәтеріне жиналған. Сол жерде 17 жастағы мектеп оқушысы мен жігіттің арасында жанжал шығып, оқушы оған пышақ салған. Алған жарақатынан бір әулеттің жалғыз ұлы қаза тапты, деп жазады Alash.kz.
хабарлауынша, қайғылы оқиға болған күні марқұм анасымен бейнеқоңырау арқылы еш алаңсыз, күліп сөйлескен екен. Бір отбасының жалғыз ұлы болған соң, бұл жағдай жақындарының қабырғасын әбден қайыстырған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы тергеу жан-жақты өтіп, сот әділ шешім шығарады деп үміттеніп күтіп отыр.
Анасы марқұмның өте ұстамды, адамгершілігі мол азамат болғанын айтты. І.Жансүгіров атындағы университеттің 2-курсында «Құқық және экономика» факультетінде оқып жүрген Жәңгір Нұрланұлы отбасының жағдайын жасап, қарындасын оқытамын деп алдына түрлі мақсаттар қойған. Өмірге деген құлшынысы, ерік-жігері мол болған марқұм жайлы анасы былай деді:
«Ұлым 2006 жылы дүниеге келген. Отбасында бір ұлым, бір қызым бар еді. Осы ұлым үйдің үлкені еді. Қызым биыл 11 сынып бітіргелі отырған. Сол қарындасы оқуын бітіргенде “гүл алып келемін” деген еді. Ұлым өте ақылды болды. Жолдасбеков атындағы оқу орнын қызылға бітірген. Мектепті де жақсы оқыған. Өте адамгершілігі мол бала еді. Ұлымның алпыс ерге татитын құны бар еді. Үлкендердің қолынан келмегенді жасап, құран бағыштап, ораза ұстайтын, намаз оқитын, жұма намаздан қалмайтын. Көп баланың ішінде жарқ етіп көзге түсетін өзінің ерекшелігі болды. Салмақты, ұстамды адам еді. Арзан күлкіге, қылжаққа жоқ еді. Колледжді қызылға бітіріп, І.Жансүгіров атындағы университеттің 2-курсында «Құқық және экономика» факультетінде оқып жатқан еді», — деді марқұмның анасы.
Анасының айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні марқұм тым алаңсыз болған.
«Оқиға болған күні кешке сөйлескен едім. Көңіл күйі жақсы еді. Күліп, бейнеқоңыраумен сөйлесті. Ол Талдықорғанда әкесінің жанында, тұрып жатқан. Сол күні кешке: “Анашым, жарайды. Кешке сөйлесеміз ғой” деп қолын бұлғап, дос балаларымен бірге үйге қарай кетіп бара жатқан. Сол соңғы хабарласқаны болды», — деді марқұмның анасы.
Анасының сөзінше, сол түні футболдан матч болады деп, достарымен бірге көру үшін күдіктінің пәтеріне жиналған.
«Сол күні түнде аяқ астынан достары шақырған. Түнде сағат 12:00 шамасында матч болады екен. Соған бір үйге жиналған. Он шақты бала ма… Нақты санын білмеймін. Сол жаралаған бала да бар. Сол жерде ерегіс болған. Бала мектеп оқушысы. Далада болды дейді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаны анық-қанығына дейін білмейміз. Білуімше бұлар ерегісіп, бір тарқасып содан қайта жолыққан. Әлгі оқушы бала қайта шақырып, қасақана 6 жерінен пышақтаған», — деді марқұмның анасы.
Марқұмның анасы бір ғана ерегістің осындай ауыр жағдайға ұшыратқанына қатты налиды. Ол мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемейтінін айтты.
«Сот заң аясында әділ шешім шығарады деп күтіп отырмыз. Тергеу жүріп жатыр. Оқиға болған жердің бәрінен сараптама алып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір ерегіске бола бір адамның өмірі қиылды. Жастар сәл болса да мейірімді болса, ата-анасын ойласа деймін. Мектеп оқушысы өзінің кәмелеттік жасқа толмағанын, жасының кіші екенін біліп тұр. Бір ерегістен соң қайтып кетуі керек еді ғой. Бірақ ол соңына дейін, адамның жанын алуға дейін барған. Ешкімнің өмірін мезгілсіз қиюға ешкімнің де қақысы жоқ қой. Бұл деген бір үйдің жалғыз ұлы. Үміт артып отырған, жалғыз тірегіміз… Қызым биыл оқуға түседі. “Қарындасымды оқытамын. Жұмысқа тұрамын. Үй аламын” деп айтатын. Арман-мақсаттары көп, өмірге деген талпынысы ерекше бала болған. Қарап тұрсаң әділетсіздік. Бір ерегіске бола баламыз кетті. Мұндайды ешқандай ата-ананың басына бермесін. Шынын айтқанда бір әулетті ұрпақсыз қалдырып, отын сөндірді», — деді марқұмның анасы.
Қазір мұндай оқиғалар қоғамды селт еткізбейтін болды. Себебі жастарға қатысты қылмыстық істер жиі болады. Оқиға бірнеше күн талқыланады. Кейін ұмытылады. Бірақ сол оқиғаның ішінде марқұмның отбасы үшін уақыт тоқтап қалады. Ас бөлмедегі бос орын, телефондағы соңғы хабарламалар, соңғы сөздер, бәрі санадан өшпейді. Бұл бір ғана отбасының қасіреті емес. Мұнда бүтін бір қоғамның ауыр дерті жатыр. Бір сәттік жалған намыс бір адамның ғана жанын алмай, бір әулеттің қабырғасын қайыстырып кетеді. Оның үстіне кәмелетке толмағандардың қолына пышақ алып шығуы өте қорқынышты жайт. x1200

2026.5.19 Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
a Fest концерті аяқталғаннан кейін жас жігіттерді біртіндеп әскери комиссариатқа алып кетіп жатқан туралы бізге ата-аналар хабарлап, Orda.kz сайтында осы оқиғаға қатысты материал жарияланды. Осы оңтүстік астананы шулатқан іске қатысты қалалық қорғаныс істері департаменті мән-жайды айтып, түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство 17 мамырдағы іс-шаралар концертке қатысы жоқ екенін және жоспарлы сипатта өткенін мәлімдеді.
Берілген мәлімет бойынша 16 мамыр күні жеке құрам кезекті әскерге шақырылушылар тобын жөнелтуге жұмылдырылған. Сондықтан ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл күні «әскер жасындағы азаматтарды қалалық жинақтау пунктіне жеткізу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізілмеген».
Сонымен бірге департамент 17 мамыр күні [концерт 16 мамыр түн ортасына жуық аяқталған] жас жігіттердің жеткізілгенін растады, бірақ олар Медеу аудандық қорғаныс істері басқармасына апарылған. Ведомство нұсқасы бойынша, бұл шараны полиция қызметкерлері әскери комиссариат өкілдерімен бірлесіп жүргізген.
«Жекелеген азаматтар Алматы қаласының Медеу аудандық қорғаныс істері басқармасына есептік деректерін тексеру және мерзімді әскери қызметке шақыруға заңды негіздердің бар-жоғын анықтау үшін жеткізілді», деп мәлімдеді департамент.
Ведомство жас жігіттердің жеткізілгенін жоққа шығармады. Алайда бұл жағдайдың Solana концертімен байланысы жоқ екенін және бәрі жоспарлы тексеріс аясында өткенін алға тартады.
Ресми хабарламада департамент тексеру нәтижесінде жеткізілген азаматтардың әскерге шақырылмайтынын мойындады. Кідірісті олар интеграциялық жүйедегі деректерді жаңарту кезінде туындаған техникалық мәселемен түсіндірді.
«Тексеру және ақпараттық базалар бойынша мәліметтерді нақтылау нәтижесінде аталған азаматтардың заңнамада көзделген негіз бойынша әскерге шақырылмайтыны анықталды. Интеграциялық жүйедегі деректерді жаңартудың техникалық кідірісіне байланысты тексеру рәсімі біраз уақыт [екі тәулікке жуық] алды» деп жазылған хабарламада.
Осыдан кейін, департамент мәліметінше, азаматтар босатылып, тұрғылықты жерлеріне жіберілген.
Бұған дейін заңгер Анатолий Бахиревтің адамды көшеден еш түсіндірмесіз «алып кету» тәжірибесі көп жағдайда заңсыз екені туралы пікірін жариялағанбыз. Оның сөзінше, әскерге алдымен шақыру қағазынан арқылы шақыру қажет. Ол жеке қолхат арқылы тапсырылады немесе ресми түрде жіберіледі. Тек шақыру қағазын алған адам келмеген жағдайда ғана оны полиция арқылы іздеп, жеткізуге болады.
Жиналған ата-аналардың бірі бізге ұлының соттылығына байланысты оны әкетпеуі тиіс болғанын айтқан. Ер адамның сөзінше, отбасына алдын ала ешқандай шақыру қағазы жіберілмеген.
«Менің ұлым сотталған, шартты емес. Менің түсінуімше, оны мүлде алып кетуге болмайды, ол қызмет ете алмайды. Соған қарамастан оны алып кетті. Бұған дейін ешқандай шақыру қағазы келген жоқ, бізге алдын ала ештеңе жіберілмеді», — дейді баланың әкесі.
Ата-аналардың айтуынша, жас жігіттерді концерттен кейін алып кеткен, ал әскери бөлімнің жанында адамдар балаларын екі тәулік бойы күткен. Олардың сөзінше, құжаттарды тек ата-аналар жиналғаннан кейін ғана жинай бастаған.
«Біз мұнда екінші күн тұрмыз. Енді ғана Медеу ауданынан өкіл шығып, құжаттарды жинай бастады. Яғни, алдымен балаларды алып кетіп, демалыс күндері ұстап отырды, тек содан кейін ғана олардың жарамды-жарамсыз екенін, оқитынын-оқымайтынын анықтай бастады»,— деді әйелдердің бірі әскери бөлім жанында.
Біздің тілші жинақтау пунктінің алдында болған жағдайды бақылаған. Біз ата-аналар балаларын өздері алып кетіп жатқанын көрдік.
Сондай-ақ ведомство жауабынан адамдарды алдымен бөлімге жеткізіп, содан кейін ғана олардың әскерге шақырылуға жататын-жатпайтынын тексере бастағанының себебі әлі де түсініксіз. Сонымен қатар департамент қанша адамның жеткізілгенін, олардың қанша уақыт болғанын, арасында студенттер, кәмелетке толмағандар немесе бұрын сотталғандар болған-болмағанын, сондай-ақ жас жігіттерді көшеден жинау туралы шешімді кім қабылдағанын нақтыламады.

2026.5.19 «Сыныптасым достарымен бірге зорлады…»: Руслан Өтепбай 17 жасар студенттің сұмдық оқиғасы туралы айтты
Белгілі тележурналист Руслан Өтепбай Алматы қаласында болған сұмдық оқиға туралы айтты, деп жазады .
Журналист желідегі парақшасында қаршадай қыздың құрдастарынан қорлық көргенін жеткізді.
Бұл 17 жасар студент қыз. Айтуынша, оны сыныптасы күштеп, еркінен тыс арын таптаған. Ол кезде бойжеткен небәрі 16 жаста болған. Оқиға Алматы қаласында орын алған.
Ал қыздың ата-анасы құзырлы орган өкілдерінің әрекетіне наразы. Сөздерінше, кәмелетке толмаған күдіктінің бостандықта жүргеніне 8 айдан асқан. Олар әділ тергеу мен нақты жауапкершілік талап етеді.
Жәбірленуші қыз бірнеше рет есін жоғалтқаны туралы баяндап берді.
Ол – менің сыныптасым. Екеуміз бір ауылда өскенбіз. Оның мамасы – менің сынып жетекшім.
Қайтадан екінші арақты құяды. Одан кейін мен есімді толықтай жоғалтамын. Мен білмеймін. Сол жерде ұйықтап қалғанмын. Ең алғаш көзімді ашқан уақытта қасымда Бекзат жатты. Мен жалаңаш болдым. Көзімді аштым. Қарадым. Одан кейін есімді жоғалтып алдым. Есімді екінші рет жиған кезде жуынатын бөлмеде тұрмын. Қолымнан екі жігіт ұстап тұрды. Екі досы. Бірі – Бекзатхан. Мен оны дауысынан танимын. Екінші баланы таныған жоқпын. Үстімде киім жоқ. Сонымен, қайтадан есімнен айырылдым. Қалай әкеп жатқызғаны мүлде есімде жоқ. Үшінші рет есімді жиған уақытта Бекзатхан менімен жыныстық қатынасқа түсіп жатты. Мен астында жаттым. Ол менің үстімде тұрды. Есімді жиғанда Бекзатханның оң жақ кеудемінен тептім. Тепкеннен кейін ол мені аяғымен қысып ұстап, денеме қатты зат тигенін білемін.

2026.5.19 “Жүйкемді жұқартты… Осы қылмысқа итермеледі”: Қайын жұртын қырып тастаған күйеу бала сотта мәлімдеме жасады
Ашық дерекөздерден
Атырау облысы, Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев қанды қылмысқа не үшін барғанын айтты, деп жазады Alash.kz.
Сұлтан Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмысқа ұзаққа созылған отбасылық жанжал мен психологиялық қысым себеп болғанын айтты. Ол жұбайы Ақбаянның туыстары олардың отбасылық өміріне араласып, әйелін өзінен алыстатқанын айтты.
“Отбасыма араласып, әйеліммен ортамызға түсіп ажырастырды. Сонда да біз бөлінгіміз келмей бірге тұра бердік. Қайта-қайта қоқан-лоқы көрсетіп, отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Әйелімді тартып алып, “саған да жоқ, әке-шешеңе де жоқ” деп балаларыммен бопсалауы осындай қылмысқа итермеледі. Ар-намысыма тиді, соңғы уақытқа дейін отбасымды толықтай сақтап қалуға әрекет жасадым”, – деді Сәрсемалиев.
Оның сөзінше, ол балаларын анасынан да, әкесінен де айырғысы келмеген. Алайда жиналған жағдайлар өзін ауыр психологиялық күйге түсіргенін айтты.
«Мен балаларымды анасынан да, әкесінен де, туған әжесінен де айырғым келген жоқ. Бірақ отбасымды сақтап қалуға деген барлық әрекетім таусылды. Олардың іс-әрекеттері, сөздері мені ақылымнан алжастырып, жүйкемді жұқартып, адами болмысымды күйретіп жіберді. Сосын осындай қылмысқа бардым”, – деді ол.
Сұлтан Сәрсемалиев жасаған қылмысын мойындайтынын және жасаған әрекеті үшін өлім жазасына дайын екенін мәлімдеді.
«Мен жасаған қылмысым үшін кез келген жазаға — мейлі ол өлім жазасы болсын, мейлі өмір бойына бас бостандығынан айыру болсын — дайынмын. Барлық әрекетімнің басты себебі — менің және отбасымның некемізді бұзуға бағытталған қасақана әрекеттерге жауап беруім болды», – деді сотталушы.

2026.5.18 «Өлім жазасына дайынмын»: Атырауда қайын жұртын қырып тастаған күйеу бала сотта мәлімдеме жасады
Сотта Сәрсемалиев қылмысқа жұбайының туыстары тарапынан ұзаққа созылған жанжал мен қысым себеп болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, туыстары отбасы істеріне араласып, жағдайды ушықтырған, деп жазады Alash.kz.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, Атырау облысының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша процесс жалғасуда. Басты айыпталушы — Сұлтан Сәрсемалиев, ол бұрынғы жұбайының төрт туысын — қайын енесін, қайын атасын, жұбайының ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталуда.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқуды жалғастырды. Залда қылмыстардың мән-жайы ғана емес, айыпталушының қылмыстан кейінгі әрекеттері де жария етілді.
Прокурор Сәрсемалиевке тағылған айыптарды жария етті. Оған ҚР ҚК‑нің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 188-бабы — «Ұрлық», ҚР ҚК 190-бабы — «Алаяқтық», ҚР ҚК 384-бабы — «Құжаттарды заңсыз алу» баптары бойынша да айып тағылып отыр:
Тергеу нұсқасына сәйкес, туыстарын өлтіргеннен кейін Сәрсемалиев марқұмдардың малын сатып жіберген, олардың банк карталарынан ақша алған және құжаттарын заңсыз иемденген.
Іс материалдарында көрсетілгендей, Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2022 жылы ресми түрде ажырасқанымен, содан кейін де бірге тұруды жалғастырған.
Тергеу деректеріне сүйенсек, Ақбаян Мұқанғалиева күйеуімен және балаларымен бөлек тұруды қалаған, яғни Сәрсемалиевтің ата-анасынан бөлек өмір сүргісі келген. Ал айыпталушы бұған қарсы болған. Осы тұрмыстық жанжалдардың негізінде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы біртіндеп нашарлаған.
Бесінші бала дүниеге келгеннен кейін Ақбаянның денсаулығы күрт нашарлап, сотта айтылғандай, психикалық ауытқулар пайда болған. Осы кезде әйелдің ата-анасы қызын қолдап, жағдайға белсенді араласа бастаған. Айыптау нұсқасы бойынша, бұл Сәрсемалиевтің қайын ата мен енесіне деген өшпенділігін күшейткен. Осы уақытта балалар айыпталушының өз ата-анасының қарауында болған.
Сотта хабарланған деректерге сәйкес, Сәрсемалиев жұбайын бірнеше рет емдетуге тырысқан, тіпті оны Түркияға апарған, алайда емдеу нәтиже бермеген. Осы жағдайдың аясында оның жұбайының туыстарымен жанжалдары жиілей түскен.
Тергеу нұсқасы бойынша, алғашқы құрбан болған — айыпталушының балдызы Наурыз Мұқанғалиев. Прокуратураның мәліметінше, Сәрсемалиев оған жалдамалы үйде асүй пышағымен шабуыл жасаған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Айыптау деректеріне сәйкес, туысын өлтіргеннен кейін Сәрсемалиев марқұмның атына 4 миллион теңгеден астам несие рәсімдеген.
Қылмыстың ізін жасыру үшін, тергеу нұсқасы бойынша, Наурыз Мұқанғалиевтің денесі үйдің ауласында көмілген.
Айыптау актісін оқып болған соң мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов басты сот талқылауына көшу туралы өтініш білдірді. Осыдан кейін сот айыпталушының өзіне сөз берді.
Айыпталушы сотта жұбайының туыстары олардың отбасылық қарым‑қатынасына араласып, жағдайды ажырасуға дейін жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, отбасына түрлі қысым мен қоқан-лоққы жасалған, ал өзі қылмысқа отбасыны сақтап қалу үшін барғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Сәрсемалиев жасаған ісі үшін кез келген жазаға дайын екенін, соның ішінде ең ауыр жазаға да қарсы еместігін жеткізді.
Сотта белгілі болғандай, айыпталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралуынан бас тартып, процесті кәсіби судья жүргізуін сұрады.
Айыптау актісі толық оқылғаннан кейін Сәрсемалиев өзіне тағылған айыптармен және жүргізілген сараптамалардың нәтижелерімен келісетінін растады.
Соңында прокурор айыпталушының кінәсін толық мойындағанын, жасаған ісіне өкінетінін және өз әрекеттерінің салдарын түсінетінін атап өтті.

2026.5.13 Амангелді Джахиннің ісі жабық сотта қаралады
Прокурор «процеске қатысушылардың қауіпсіздігі үшін» сотты жабық қарауды ұсынды. Джахиннің қарсылығына қарамастан, судья бұл өтінішті қанағаттандырды
«Алға, Қазақстан» тіркелмеген партиясының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Амангелді Джахиннің соты жабық түрде қаралатын болды.
12 мамыр күні Ақмола облыстық сотында Джахиннің ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. Адам құқықтарын ажет және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы хабарлағандай, Жахинге қарсы іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі («экстремистік қызметке қатысу») және 258-бабының 1-бөлігі («экстремистік қызметті қаржыландыру») бойынша қаралып жатыр.
Жахин өткен жылдың қазан айында ұсталған болатын. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2023 жылы Марат Жыланбаев – «Алға, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі қамауға алынғаннан кейін, Амангелді Джахин «оппозициялық бастаманың тізгінін өз қолына алған». Сол уақытқа дейін партия кем дегенде 26 рет тіркеуге құжат тапсырғанымен, әр жолы бас тартуға тап болған.
Джахиннің серіктесі Сергей Измайлов айтуынша, саяси қудалауға «Алға, Қазақстан» партиясының ұйымдастыру мәселелерін талқылау және митинг өткізу туралы хабарламалар беру себеп болған. Оның сөзінше, «экстремизмді қаржыландыру» деп танылған әрекет – Марат Жыланбаев сотталмай тұрып оған 20 мың теңге жіберу, сондай-ақ бастамаға қатысушылардың біріне шамамен 50 мың теңге аудару болған. Әлгі қатысушы бірнеше айдан кейін эмиграцияда жүрген банкир әрі саясаткер Мұхтар Әблязовқа ақша жіберген деген болжам айтылған.
Сот бастала салысымен прокурор «Джахиннің ісін жабық түрде қарауды сұрады». Мемлекеттік айыпталушының пікірінше, «бұл процеске қатысушылардың қауіпсіздігі үшін». Белсендінің өзі де, оның қорғаушылары да процесті жабық өткізуге наразылығын білдірді. Алайда, төрағалық етуші судья Берікбол Сапарғалиев «жабық процесс» өткізу ұсынысын қолдап, келесі сотты 19 мамырға белгіледі.
Амангелді Джахиннің өзі тағылған айыптарды мойындамайтынын айтып үлгерген.
Естеріңізге сала кетсек, Астанада тұратын белсендіні полиция қызметкерлері ол Көкшетауға жолға шыққанда ұстап, үйінде тінту жұмыстарын жүргізген. Артынша, оған Қылмыстық кодекстің ауыр баптары айып ретінде танылып, Джахин қамауға алынды. Жақтастары мұны «саяси астары бар қудалау» деп санайды. Олардың ойынша, билік Джахинге саяси партия құрғызбау үшін қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алып отыр.
Амангелді Джахинге дейін дәл осындай айыптармен марафоншы Марат Жыланбаев пен журналист Думан Мұхамедкәрім де сотталған еді. Олардың да ісі жабық процесте қаралып, белсенділер жеті жылға бас бостандығынан айрылды.

2026.5.6 Анасын аяусыз ұрып, қабырғасын сындырған
Ақтөбеде жергілікті тұрғын анасын соққыға жыққаны үшін 400 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Ер адам анасын тұншықтырып, қабырғаларын сындырған. Алайда жәбірленуші ұлын кешіргенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған, деп хабарлайды тілшісі сайтына сілтеме жасап.
2026 жылғы 5 мамырда «Диапазон» басылымының жазуынша, 35 жастағы Станислав мас күйде және есірткі әсерінде болған кезде үйге келіп, анасының құрбысымен бірге ішімдік ішіп отырғанын көреді.
Ол қонақ әйелді екі рет жұдырықпен бетінен ұрып, дастарқанды төңкеріп тастаған. Анасы араша түспек болғанда, ұлы оған да шабуыл жасаған.
«Алдымен ол анасын жұдырықпен бетінен ұрған, кейін жерге құлатып, қабырғасынан тепкілеген. Одан кейін көтеріп, тұншықтыра бастаған. Әйелдің тынысы тарылып, ұлынан тоқтауын сұраған. Зардап шеккендер далаға шығып, полицияға хабарласқан. Ашулы ер адам олардың соңынан шығып, «102»-ге хабарласып жатқанын көріп, анасынан үйге қайтуын талап еткен», – делінген ақпаратта.
Сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйелдің екі қабырғасы сынғаны анықталды. Ер адам «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша сотталды.
Айыпталушы кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке анасының ішімдік ішкеніне ашуланғандықтан барғанын айтқан. Алайда өзі де сол кезде мас болған.
Жәбірленуші сотта болған жайтты егжей-тегжейлі баяндап беріп, кейін ұлын кешіргенін айтып, істі тоқтатуды сұраған.
Сот ер адамды 400 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Үкім жарияланғаннан кейін ол қамаудан босатылды. Бұған дейін ол екі ай тергеу изоляторында болған.

2026.4.30 Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жайлы тың дерек шықты
Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жайлы тың дерек шықты
Фото интернеттен.
Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті ақыл-есі дұрыс деп танылды деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділ мәлімдеді.
Оның айтуынша, іс бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы шыққан.
Күдікті қылмыстық жауапкершілікте есі дұрыс адам ретінде қаралады.
Санжар Әділдің сөзінше, тергеу аяқталуға жақын.

2026.4.22 Ақтауда шулы видеоның таралуы: 7 жылға дейін жаза қарастырылған
Ақтауда «Хан тамада» атымен танымал жүргізушіге қатысты интимдік видеоның таралуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады,деп хабарлайды .
мәліметінше, заңгер Қайрат Смағұлов бұл жағдай Қазақстан заңнамасына сәйкес жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу болып саналатынын атап өтті. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») бойынша қарастырылуда.
Сарапшының айтуынша, жауапкершілік тек видеоны жариялағандарға ғана емес, сондай-ақ жеке хат-хабарларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және өзге де құпия мәліметтерді рұқсатсыз таратқан тұлғаларға да жүктеледі. Сонымен қатар, бөтен адамның телефонына заңсыз қол жеткізу, материалдарды көшіру және үшінші тұлғаларға беру де құқық бұзушылық болып есептеледі.
Алдын ала мәлімет бойынша, видеоның таралуына қатысы бар күдікті ұсталған. БАҚ дерегінше, ол – кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, аталған видео тек жеке қолдануға арналған және телефонның жабық бөлімінде сақталған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекеттер үшін ірі көлемде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Интим видеосы тараған «Хан тамадаға» қатысты сұмдық деректер шықты
Ақтауда интим видео тарату дерегі бойынша күдікті анықталды
2026.3.31 «Жалған анықтамамен құтылып кетуі мүмкін»: Нұрай Серікбай ісі бойынша тың дерек айтылды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа жайттар белгілі болды, деп хабарлайды .
Жәбірленуші тарап күдіктіге қатысты сараптамалардың нәтижесіне күмән келтіріп, істің әділ қаралуын талап етіп отыр.
Марқұмның туыстарының айтуынша, күдікті Шерхан Аймаханға жүргізілген медициналық тексерудің алдын ала қорытындысында оның психикалық жағдайына қатысты өзгерістер бар екені көрсетілген. Осыған байланысты жақындары оның жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Марқұмның ағасы бұл жағдайға қатысты алаңдаушылығын ашық жеткізді:
«Жалған анықтама жасатып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқып отырмыз. Бірінші, Шымкентте қаралған болатын. Анықтамада “психикалық ауытқу байқалған” деп жазып берген. Біз оған сенбей, Алматыдан сараптама талап еттік. Күдіктіге ол жақта осындай анықтама берді», — дейді ол.
Сонымен қатар ол күдіктінің шын мәнінде дені сау адам екенін алға тартып, сараптама қорытындысына күмән келтірді.
«Шыны керек, бұл жерде симуляцияның максималды белгісі көрініп тұр. Өйткені, күдікті – кәдімгі ортада өмір сүріп жүрген, “сау адам”. Естігенім бойынша, қазір ол Шымкентте емес, Талғардағы психикалық емдеу орталығында», — деп қосты марқұмның ағасы.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап істің ашық әрі әділ қаралуын талап етуде.

2026.3.3 Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Аудандық ауруханада қайтыс болған науқастың денесінің 85%-ы күйген, деп хабарлайды.
Қазір аудандық ауруханада екі адам ауыр жағдайда жатыр. Тағы төрт науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдауда. Олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бүгін, 3 наурызда Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында жарылыстан зардап шеккен бір науқас қайтыс болған еді. Көп ұзамай тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды.
Нәтижесінде дәмханадағы жарылыстан ажал құшқандардың саны 9-ға жетті.
«Палау орталығы» дәмханасының басшысы кеше, 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, жарылыс 27 ақпанда түнде болды. Бірден 7 адам тіл тарпай кетті, 20 адам дереу ауруханаға жеткізілген еді.

2026.3.3 Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында болған адам өлтіру, екі жасар баланы ұрлау мен зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор 12 баппен сотталып жатқан негізгі күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды .
Сотта жәбірленуші тараптың адвокаттары Гаухар Сариева, Жандос Палманов және Асылбек Әбдірайымов прокурордың сұраған жазасына қосылатынын айтты. Қорғаушылардың айтуынша, басты айыпталушыға ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралған.
Осы іс бойынша сотталушылар қатарында отырған кәмелетке толмаған екі күдіктіге қатысты прокурор әрқайсысына 9 жылдан түрме жазасын тағайындауды ұсынды.
«Топ болып алдын ала сөз байласу арқылы жасалған кісі өлтіру фактісі бойынша әр жасөспірімге 9 жыл, ал адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай жаза сұраған едік. Ал прокурор соттан кәмелетке толмағандарға түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді өтінді. Сонымен қатар, біз басты айыпталушыға өмір бақиға жазасынан айыру үкімі мен үш күдіктіден жалпы сомасы 60 млн моральдық шығын талап еттік», – деді Әбдірайымов.
Іс бойынша негізгі айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 12 бабы бойынша айып тағылған:
99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – «Адамдар тобы жасаған кісі өлтіру».
125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – «Кәмелетке толмағанды тарту арқылы адам ұрлау».
120-бап, 1-бөлік – «Зорлау».
121-бап, 1-бөлік – «Күш қолдану арқылы сексуалдық сипаттағы әрекеттер».
190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – «Адамдар тобы жасаған алаяқтық».
147-бап, 5-бөлік – «Жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу (жеке деректерді заңсыз тарату)».
149-бап, 2-бөлік – «Тұрғын үйге заңсыз кіру».
115-бап – «Адам өлтіремін деп қорқыту».
287-бап, 3-бөлік – «Қаруды заңсыз жасау».
288-бап, 1-бөлік – «Қаруды заңсыз сақтау».
200-бап, 1-бөлік – «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену».
132-бап, 4-бөлік – «Кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту».
Кәмелетке толмаған екі айыпталушыға:
99-бап – «Адамдар тобы жасаған кісі өлтіру»;
125-бап – «Бала ұрлау».
Еске салсақ, қанды қылмыс 6 қыркүйекте Қызыл-Қайрат ауылында болды. Ер адам екі жасөспіріммен бірге бұрын қарым-қатынаста болған келіншектің ағасын көшеде атып кеткен. Артынша, оның екі жасар жиенін алып қашып кетеді. Оқиғаның мән-жайын мына репортаждан оқи аласыз.
x1200
2026.2.27 «Сүйектері табылса екен»: Атырауда жоғалған отбасының жақындары сұхбат берді (ВИДЕО)
Атырауда кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Мақсот пен Нәсіптің жақындары күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев ұсталғаннан кейін алғаш рет журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды . turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның туыстарының сөзін әлеуметтік желіде тележурналист Жанат Жақсыбайқызы жариялаған. Айтуларынша, олар әлі күнге дейін табылмаған Наурыз бен Мейрамгүлдің тағдырына алаңдап, ең болмаса сүйегі табылып, жер қойнына тапсыруды армандайды.
“Екеуі де тірі болсын (әлі күнге дейін табылмаған Наурыз бен Мейрамгүл – ред). Бірақ енді ол мүмкін емес деп ойлаймын. Тым болмаса сүйектері табылса екен деп ойлаймын. Жер қойнына тапсыра алсақ… Енді жүрегімізбен тірі келсе екен деп ойлаймыз ғой. Солар туралы күдікті айтып берсе екен. Ішімізден жылаймыз, күйінеміз, бірақ Мейрамгүлдің де, Наурыздың да ешкімге бір түйір зияны жоқ адамдар ғой. Ешкімге зияны жоқ. Қолынан келген көмегін Наурызжан аямайтын еді. “Әсел апа, қандай көмек керек?” деп жүретін. Шалқарға, ініме болсын, апама болсын қолындағы барын беріп жүретін. Көмек десе даяр тұратын. Ешкіммен керіскенін не біреуге жақтасқанын, біреуді көре алмайтындай мінезін көрген жоқпыз. Мейрамгүл өзі бала сияқты ғой. Жүре беретін адам. Ал Наурызжанның ешкімге қиянаты жоқ. Қайда жібергенін?! Жарты жыл болды жоқ болғандарына. Күдікті бәрін мойнына алса екен дейміз. Ақбаянды күдікті деп ойламаймыз. Аман-есен елге оралып, дәрігерлерден емін алып, бес баласын бауырына алса екен дейміз. Қанша дегенмен балаға ана керек қой”, – деді марқұмның туысы.
Еске сала кетейік, қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталған. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Ломбок аралындағы Сенару ауылынан аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адамды құрықтаған.
2026.2.24 «4 -7 жылға дейін жаза қарастырылған»: журналист Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қылмыстық іс оның бұрынғы әйелінің арызы негізінде қозғалған
Журналист Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу оның бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызының арызы негізінде қозғалған, деп жазады ақпараттық порталы.
Екеуінің арасындағы жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Журналистің үстінен қылмыстық істің қозғалғанын тергеу қызметі растады. Астана қалалық Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.
ақпараттық порталына Астана қалалық ПД Асхат Садырбайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Астана қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасына аумақтық тиесілігі бойынша 04.03.1992 жылы туған азаматша Қорабаева Айғаным Болатқызы бұрынғы жұбайы — 06.06.1986 жылы туылған Асхат Муратович Садырбаевқа қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінгені анықталды.
Аталған дерек бойынша Астана қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасында 09.10.2025 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының, 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілерінің болуына байланысты №257116031000977 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген ресми жауапта.
Айғаным Болатқызы өзін бұрынғы күйеуінің азаптап, ұрғаны, аяусыз соққыға жыққаны жайлы ел алдында ашық айтып, заң органдарынан да, халықтан да араша сұрады. Алайда Асхат Садырбай бұның жалған екенін, жала екенін айтқан еді. Тіптен журналист экс-әйелін сотқа беріп, жеңіп те шыққан. Бірақ оның бұрынғы әйелі де қарап қалған жоқ. Алған жарақаттарын ашық көрсетіп, қайта арызданған.
«Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — делінген Полиция басқармасы берген жауапта.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеп бексеру деректері жария етілмейді.
Айғаным Қорабаева бұған дейін де бірнеше рет редакцияға келіп, өзінің көрген азабын ашық айтқан еді. Оның сөзінше, экс-күйеуі өзін үнмеі соққыға жыққан.
Айғаным Болатқызының сөзінше, ол Асхат Садырбайдың екінші әйелі болған. Әлеуметтік желі арқылы танысқанын айтқан Айғаным 23 жасында оған күйегуе шыққан. Кейін ажырасып кеткен соң екеуінің арасында бала дауы бойынша бірнеше рет сот отырыстары өтті.

2026.2.22 Житель Костанайской области рассказал, как мошенники едва не лишили его миллионов
История Кевлара Бостынца из Житикары – наглядное пособие того, как преступники используют эмоциональную уязвимость человека и современный «цифровой шум», чтобы обойти любую бдительность.
Кевлар признается, в тот период он был подавлен из-за расставания с девушкой. Именно на этот фон наслоилась обычная бытовая суета. За неделю до инцидента девушка попросила его забрать куртку у курьера, перепутав адреса. Поэтому, когда через несколько дней раздался звонок «курьера из Kaspi», Кевлар не заподозрил неладное.
– Меня назвали по имени-отчеству, сказали, что заказ на имя Ангелины. Утро, я не выспавшийся, мою посуду… Мне говорят: «Подъезжаю, продиктуйте код для подтверждения». Я продиктовал, и трубку сразу бросили, – вспоминает парень.
Только после обрыва связи пришло осознание: код пришел не от службы доставки, а для подтверждения микрокредита.
Осознав ошибку, Кевлар успел через портал eGov установить запрет на оформление микрозаймов. Но шоу только началось. Преступники перешли к фазе психологического давления.
В мессенджер WhatsApp поступил звонок якобы из техподдержки eGov. Мошенники использовали классическую схему: «Ваши данные украдены, мы пытаемся вам помочь». Следом по видеосвязи позвонил «полицейский» в форме. Сегодня эксперты полагают, что это мог быть дипфейк (изображение, созданное ИИ).
– Он убеждал меня, что деньги уходят террористам, что я под статьей. Мозги промыли настолько сильно, что я уже не понимал, где реальность. На фоне у них играла музыка, я сомневался, но продолжал говорить, – делится житикаринец.
Спасло парня вмешательство сестры. Она приехала вовремя, заставила его прекратить разговор и отвезла в полицию. Даже в здании отдела Кевлару продолжали звонить ряженые сотрудники. Только когда настоящий полицейский взял трубку и увидел на экране камеру мошенника, парень окончательно пришел в себя.
Обман привел к взлому аккаунтов Кевлара, преступники получили доступ к Telegram, «ВКонтакте» и игровым сервисам. Через общий Wi-Fi вирус начал нагружать компьютеры в студии парня, пытаясь выкачать информацию. Кевлару пришлось менять настройки сети и блокировать все банковские карты.
Почему этот звонок мог стать катастрофой для парня? Кевлар – индивидуальный предприниматель с хорошей кредитной историей. По его подсчетам, если бы злоумышленники прошли биометрию (которую им не удалось обойти), на него могли оформить кредиты на сумму 20–30 миллионов тенге.
История Кевлара подтверждает несколько золотых правил безопасности.
Никаких кодов: курьеры, сотрудники банков или eGov никогда не просят коды из СМС. Код подтверждения – это ваш цифровой ключ, который нельзя передавать никому.
Официальные лица не звонят в WhatsApp: полиция, КНБ или сотрудники портала eGov не используют мессенджеры для официальных звонков, тем более по видеосвязи.
Эмоциональный фильтр: мошенники всегда стараются вызвать страх (кредит, тюрьма, терроризм) или спешку. Если вас пугают – кладите трубку.
Профилактика: поставьте в eGov запрет на кредиты («Добровольный отказ от получения микрокредитов»). Это бесплатная услуга, которая реально работает.
– Я каждый день вижу новости «никому ничего не сообщайте» и сам попадаюсь. В повседневной жизни делаешь это не задумываясь. Советую всем посмотреть казахстанский фильм «Звонок» – там все эти схемы показаны очень доходчиво, – резюмирует Кевлар.
Помните, ваша безопасность в вашей способности нажать красную кнопку отбоя, как бы убедительно ни звучал голос в трубке.

2026.2.19 На пункте пропуска «Аят» пресечена попытка незаконного вывоза лома цветных металлов
16 февраля на автомобильном пункте пропуска «Аят» при выезде из Казахстана в Россию был остановлен грузовой автомобиль марки RENAULT.
По документам перевозчика машина следовала без груза. Однако при досмотре, проведённом пограничным нарядом «ДТСГ» совместно с сотрудником ДГД по Костанайской области, в транспортном средстве обнаружены скрытые отходы цветных металлов и латунные радиаторы общим весом 3 770 кг (почти 4 тонны).
По предварительной оценке, стоимость груза составляет около 15 млн тенге.
– Как установлено, металл был спрятан с использованием конструктивных особенностей автомобиля — в передней части цистерны была приварена дополнительная крышка, за которой размещался товар. В настоящее время изъятый груз направлен на экспертизу. После завершения всех процессуальных процедур материалы будут переданы в суд, – сообщает пресс-служба ДГД по Костанайской области.
Напомним, что в соответствии с приказом Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан №449 от 23 октября 2025 года в стране действует запрет на вывоз лома и отходов чёрных и цветных металлов всеми видами транспорта.
2026.2.17 Алматы полиция есірткі қылмыстары үшін іздеудегі тұлғалардың бет-әлпетін жариялады
Алматы полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі қылмыстарына қатысы бар күдіктілердің фотопостерлерін жариялады, деп хабарлайды .
Постерлерде жасалған қылмыстарға қатысты ақпарат және азаматтарды полицияға белгілі ақпаратты хабарлауға шақыратын ескерту көрсетілген.
“Мұндай постерлерді жариялау есірткі қылмыстарына қатысы бар тұлғаларды іздеуді тиімдірек ұйымдастыруға бағытталған. Біз қала тұрғындарын сақ болуға және іздеудегі тұлғалар туралы кез келген ақпаратты хабарлауға шақырамыз. Бірлескен әрекет арқылы Алматы көшелерін қауіпсіз ету – басты мақсат. Қылмыс үшін жауапкершілік сөзсіз, және әрбір құқық бұзушы заң аясында табылып, жауапқа тартылады”, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Полиция қызметкерлері постерлерді жариялау есірткі қылмыстарын болдырмауға, халықты ақпараттандыруға және тыйым салынған заттардың таралуын бақылауды күшейтуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

2026.2.13 Шымкентте 26 жастағы бойжеткенді өлтірген оқушы жайлы тың ақпарат тарады
Шымкентте 26 жастағы бойжеткенді өлтірген оқушы жайлы тың ақпарат тарады
Коллаж: .
Шымкентте 26 жастағы келіншекті айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға қатысты сот үкімі өзгерді деп жазады . Stan.kz -ке сілтеме жасап.
Үй тазалауға барған Диана Оңғарбаеваны азаптап ажал құштырған 16 жастағы қылмыскер бұған дейін 7 жыл 6 айға сотталған еді. Бұған келіспеген марқұмның жақындары апелляцияға беріп, бүгін үкім шықты. Екі баланың анасын өлтіріп, қылмысын жасыруға тырысқанымен қоймай ұялы телефонын да ұрлаған сотталушының жаза мерзімі бар болғаны 1 жылға ұзарды.
“99-баптың бірінші бөлігімен және 188-баптың бірінші бөлігімен тағайындалған жазаларды толық қосу арқылы түркілікті 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілер Қарлығаш Оңғарбаеваға моральдық зиян өтемақысы ретінде 2 млн теңге 5 млн теңгеге дейдін, Айдана Оңғарбаеваға өндірілген 2 миллион теңге 5 миллион теңгеге дейін, Жаппаровтың пайдасына берілетін 6 миллион теңге 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылсын”, – деді Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебек.
Айыптау актісінде прокурор Оңғарбаеваны өлтірген оқушы оның мәйітін зорлағанын да оқыған еді. Алайда қылмыскер сот залында бастапқыда айтқан сөздерінен айнып шықты. Сөйтіп зорлыққа сөзден басқа дәлел жоқ деп тағайылған айып алынып тасталды. Бірақ мұнымен марқұмның анасы келіспейді. Сот бойы жүрегін ұстап отырған жәбірленуші берілген жаза тым жеңіл дейді.
“Келіспеймін бұл үкімге. Мүлде әділ өткен жоқ. Сотталған бала кәмелетке толмаған деп барлық жағдайды жасап беріп отыр оған. Бала зорлаған оны. Мәйітті зорлап- қорлаған. Жыныстық қатынасқа түскен. Бала мойындағаны бар. Қалай болып қалай істегенін мойындап берген бала. Соның бәрін жоққа шығарып отыр енді. Бұл жерде тергеудің де қатесі бар. Тергеу қалай жазып берді. Бұлар да солай жазып беріп отыр. Бұл жерде бәрі ақшамен шешіп отыр. Сонда кәмелетке толмаған деп осындай іс істей бере ме?”, – деді жәбірленуші Қарлығаш Оңғарбаева.

2026.2.9 ШҚО-да тағы бір есірткі зертханасы жойылды
ШҚО-да синтетикалық есірткі өндіруге жасырын мамандандырылған ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды .
Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстық бизнесті 30 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырғаны анықталды. Заңсыз өндіріс Талдықорған қаласының шетіндегі жалға алынған жеке үйлердің бірінде құрылған. Химиялық реагенттерді сақтау және есірткі заттарын дайындау үшін қосымша тұрғын үй пайдаланылған.
Ол Шығыс Қазақстан облысының аумағына синтетикалық есірткіні жеткізу мен өткізуге бағытталған қылмыстық арнаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Санкцияланған жедел тінту жұмыстары аясында полицейлер кәсіби зертханалық жабдықтарды, дайын және жартылай фабрикатты есірткі заттарын тапты. Түрлі көлемдегі шыны және пластик ыдыстар, канистрлер, zip-пакеттер, вакуумдық қаптамалар, өзіне тән иісі бар ұнтақ тәріздес және сұйық заттар тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық есірткі алынды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың бір бөлігі жалпы салмағы 2 келіден асатын мефедрон екені белгілі болған.
Сонымен қатар прекурсорлар, жалпы көлемі шамамен 800 литр болатын сұйықтығы бар 33 канистр, құрамында желе тәрізді кристалды заты бар 15 табақ, өзіне тән иісі бар 30 литрлік екі бөтелке сұйықтық және ұнтақ тәріздес заты бар полимерлі пакет тәркіленіп, сот сараптамасына жіберілді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
2026.2.7 Белсендінің балаларына қысым жасады деп шағымданды
Қорғаушы Мейіржан Досқараевтың айтуынша, азаматтық белсенді Эльвира Бекзадинаның кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын бөлімшеге әкетіп, видеоға түсіріп, қысым көрсеткен. Құзырлы органдар бұған қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуда
Адам құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросында саяси тұтқындардың мәселесі көтеріліп, баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Алға, Қазақстан» тіркелмеген партиясының белсендісі Бибігүл Имангалиева мен Сергей Измайлов және қуғынға түскен белсенділердің қорғаушысы Мейіржан Досқараев қатысты.
Жиын барысында марафоншы, 7 жылға сотталған Марат Жыланбаевтың, белсенділер Амангелді Джахин мен Эльвира Бекзадинаның мәселесі көтерілді.
Алдымен сөз кезегін алған Бибігүл Имангалиева былай деді: «Қазіргі таңда бізді, «Алға, Қазақстан» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ мүшелерін, қудалау жалғасып жатыр. Жүйелі түрде қысым көрсетеді билік органдары. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды. Одан кейін, «Алға, Қазақстан» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Амангелді Джахин болды. Оны да қамап тастады. Үстінен қылмыстық іс қозғап, түрмеге отырғызды. Тағы бір белсенді Эльвира Бекзадинаны да қудалауға алды. Бұл азаматтардың ісіне қатысты ақпарат бергіміз келеді».
Мейіржан Досқараев алдымен үйқамаққа алынған белсенді Бекзадинаға қатысты сөз қозғады: «Эльвира Бекзадина бойынша жағдай былай. Оның екі кішкентай баласы бар. 16 желтоқсан күні Бекзадинаны екі баласымен бірге далаға шыққанда полиция қызметкерлері ұстады. Олар Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барып, Желтоқсан құрбандарына гүл шоқтарын қоймақ болды. Үйінен шыға бергенде, белгісіз адамдар келіп, оның екі баласын әкете бастады. Ол балаларын қорғайды. Ешкім түсіндірме жасамады. Балаларымен бірге ұстап әкетті. Сары арқа аудандық полиция бөлімшесіне әкетті. Ешқандай құжат көрсетпеді. Соттың қаулысы болмады. Не үшін ұстағанын айтпады. Ал кішкентай балаларды неге ұстады? Мұны қалай түсінуге болады? Бөлімшеде балаларын бөлек әкетеді, өздерін басқа кабинетте ұстады. Полицияға келгенімде, Бекзадина еденде жылап жатты. Бірден жедел жәрдем шақырды, прокурорға шағымдандым. Ұстаған кезде балаларға зақым келтірген. Үстіндегі киімін жыртты. Мұның бәрі дәлелденді, қолымызда құжаттар бар айғақтайтын. Қаншама шағым түсірдік бұған байланысты. Бәрін кері қайтарды. Бұл балаларды азаптау емес пе? Қылмыстық кодексте 146 бап бар. Азаптау айыбы бойынша.
Балаларға қатысты ешқандай процессуалды құжат жоқ. Оларды не үшін ұстады? Неге бөлімшеге әкетті? Қандай негізде анасынан айырды? Кешке қарай олардың үйіне полиция қызметкерлері келіп, балаларын қайтадан әкетеді. Балалар үйіне әкетеміз деген. Оларды шешіндіріп, видеоға түсірген. Не үшін олай жасады? Қандай негізде? Конституция қайда? Заң қайда? Екі сағаттан кейін оларды қайтадан үйіне әкеліп тастады. Не үшін әкетті? Бұл қорқыту емес пе кәдімгідей?
Бекзадинаға келер болсақ, бөлімшеде құлап жатты. Қолы ісіп кетті. Өзін ұрып кеткенін айтты ұстаған кезде. Қазіргі таңда оны үйқамақта ұстап отыр. Үйінен шыға алмайды. Екі рет оның үстінен протокол толтырып, үйқамақ жағдайын бұзып отырсың деп ескертті.
Маған да қорғаушы ретінде қысым көрсетіп жатыр. Адвокаттық лицензиядан айыру туралы арыз жазылды.
Бірақ, полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты еш тексеру жүргізілмейді. Арыздың бәрі кері қайтарылып жатыр.
Қылмыстық процессуалды кодексте «ақпарат құралдарында жарияланған мәлімет негізінде қылмыстық іс қозғауға болады» делінген. Бүгінгі баспасөз мәслихатынан кейін сондай іс қозғалып, тергелуі керек деп санаймыз»
Марат Жыланбаевқа қатысты Досқараев былай деді: «Менің қорғаушылық қызметіне тосқауыл қойылып жатыр. Степногорск қаласына келіп, түрмеге кірдім. Маратпен кездесуден кейін түрме қызметкері менен не жазып алғанымды көрсетуді сұрады. Маратқа не керек, қандай талап қойып жатыр дегенді айтуды талап етті. Бұл заңға қайшы емес пе? Тіпті физикалық қысым көрсете бастады. Бұл менің адвокаттық қызметіне тосқауыл қою емес пе? Прокурорға шағым түсірдім. Түрме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғауды талап еттім. Бірақ, ешқандай реакция болмады. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолдады бұл шағымды. Олар оны қайтадан түрме мекемесіне жіберген. Олар «ешқандай заңбұзушылық болмады» деп жауап берді. Түрме басшылығы министрдің бұйрығына сілтеме жасады. Бірақ, заң қайда қалды сонда? Заңның құзіреті күшті емес пе? Конституцияға да қайшы әрекет бұл. 13 – бап бұзылды бұл жерде.
Қазір жағдай мүлде қызық бағытқа бұрылды. Марат Жыланбаевқа жиі кіргізбеуді шығарды бұлар. Соңғы рет Жыланбаевқа 23 қаңтар күні бардым. Мені кіргізбеді. Басқа әріптесім барды оған. Оны үш рет кіргізбеді. Жыланбаевтан арыз жоқ деп, онымен кездестіруден бас тартып отыр. Қандай негізде кіргізбей отыр оған? Ешкім түсіндірмейді. Мемлекеттік органдар осылайша азаматтың құқығын бұзып отыр».
Сергей Измайлов мынаны айтты: «Бекзадинаның балаларына қысым көрсетілгені туралы ақпаратты қорғаушысы айтты. Бірақ, неге қылмыстық іс қозғалмады? Джахин туралы айтатын болсақ, жағдай былай. Қазір оны қылмыстық іс материалдарымен таныстырып жатыр. Амангелді Джахинді қудалау – саяси тапсырыс екені сөзсіз деп санаймыз. Оны қылмыстық қудалауға негіз болған жағдай – жай ғана ұйымдастырушылық жұмыстарды талқылау болып отыр. Соған сараптама жасатып, экстремистік «ДВК» ұйымына қатысы бар деген қорытындыға келді. «Алға, Қазақстан» партиясы экстремистік ұйым емес. Оның ДВК мен «Көше» партиясына еш қатысы жоқ. Олай болса, Джахинді не үшін қылмыстық жазаға тартады?».
Бибігүл Имангалиева Марат Жыланбаевқа тағылған айыптың негізсіз екеніне тоқталды. Оған аударылған қаржы сайлауға депутат болып үміткер ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына жіберілген. Ал Жыланбаев Имангалиеваға қаржы аударған. Бірақ, сол үшін Марат Жыланбаев сотталды. Экстремизмді қаржыландыру айыбымен. Имангалиеваның сөзінше, оның өзі экстремист деп танылмаған. Сотты болмады. Олай болса, Жыланбаевты неге қылмыстық жауапкершілікке тартты?, деп шағымданды белсенді.
2026.1.30 Суд оставил в силе решение по делу о клевете в отношении замакима Костанайской области
Гульбарам Мусагазина была возмущена содержанием ряда публикаций, опубликованных Гиньятовым на интернет-площадках «Правозащитного центра Костанайской области». Будучи руководителем этого общественного объединения, Гиньятов активно критиковал Мусагазину, используя скандальную информацию о положении дел с госзакупками в сфере здравоохранения.
Как сообщал ранее Телеграм-канал HALYQSTAN, бывшее руководство управления здравоохранения проходит сейчас по делу о нарушениях, сопровождавших закупы медицинского оборудования для районных и городских клиник. Экс-начальник облздрава Данияр Джандаев, его заместитель Ерболат Доспанов и главврач Карасуской райбольницы Владимир Голубев арестованы по подозрению в коррупции.
При этом Гиньятов в своих постах обвинял Мусагазину в том, что ей было известно о проделках коллег, и сама она если не способствовала их деяниям, то из каких-то соображений не контролировала ситуацию.
Мусагазина в течение двух с лишним месяцев наблюдала за направленной против нее информационной компанией. По словам чиновницы, зафиксировав признаки потери деловой репутации и исчерпав запасы терпения, она призвала Гиньятова к ответу.
В суде она доказывала, что в публикациях блогера содержались утверждения о мошенничестве, коррупции и ненадлежащем исполнении служебных обязанностей. Все эти сведения, заявила она, излагались в форме установленных фактов, без ссылок на вступившие в законную силу судебные акты либо официальные заключения уполномоченных органов.
Суд первой инстанции пришел к выводу о наличии в публикациях правозащитника состава клеветы, совершенной с использованием средств массовой информации и соединенной с обвинением в коррупции. Гиньятову было назначено административное наказание в виде штрафа в размере 200 МРП (784 тыс. 200 тенге).
Осужденный блогер попытался оспорить судебное постановление, заявив, что оно наступает на свободу слова и отменяет право на свободное высказывание мнений и существование общественного контроля деятельности чиновников.
Тем не менее в результате апелляционного рассмотрения дела решение оставлено в силе. Суд подтвердил: распространенные блогером Гиньятовым сведения «носили порочащий характер, не были подтверждены достоверными доказательствами и были преподнесены как установленные факты, что выходит за пределы допустимой публичной критики».
Фото: Марқұмның жақындары ұсынған x1200
2026.1.23 Шымкентте Нұрайдың қазасына қатысты “Некеге тұруға мәжбүрлеу” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді
Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық іс тіркелгенін адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді.
“Нұрайдың ісі бойынша Қылмыстық кодексінің 125-1-бабымен (некеге тұруға мәжбүрлеу) қылмыстық іс тіркелді. Елді дүрліктірген осы қылмыстық іс президентіміздің тікелей бақылауында тұр. Қазір Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келген. Білікті полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Осы қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық қамтамасыз етіліп, әділ, сапалы тергеу жүргізіледі деп сенемін”, – деп жазды адвокат.
Еске салайық, бұған дейін 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласындағы Төлеметов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында 21 жастағы қыздың пышақ жарақаттарынан қаза тапқаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан қыздың қашып құтылуға тырысқаны, қарсылық көрсеткені, одан кейін шабуылдаушының оны ұрып-соғып, пышақпен бірнеше рет жарақаттағаны, соңынан оқиға орнынан бой тасалағаны көрінеді. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, Нұрай Серікбай 11 рет пышақ жарақатын алған.
Оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде аталып отыр. Ол шабуылдан кейін көлігімен оқиға орнынан қашып кеткен. Қаза тапқан Нұрай Серікбай студент болған, ата-анасымен бірге қылмыс болған жерге жақын маңдағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Отбасында кенже бала болған, артында екі ағасы қалды. Қызбен қоштасу рәсімі 13 қаңтар күні Төрткөл ауылында өтті. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Марқұмның туыстары оның бұған дейін қызды ұрлап әкеткенін де алға тартады.
+
2026.1.16 ІІМ кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісін бақылауына алды
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбай.
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбай.
Қазақстан ішкі істер министрлігі Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі бақылауына алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Министрлік жас қыздың өлімін тексеру үшін “тәжірибелі мамандардан арнайы тергеу тобы құрылғанын” айтады.
11 қаңтарда Шымкентте студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Желіде тараған видеода жас жігіттің, қызды пышақтап, қашып кеткені байқалады. 13 қаңтарда полиция 28 жастағы күдіктіні Шымкенттен 10 шақырымдай жерден ұстаған. Оның үстінен адам өлтіру бабымен іс қозғалған.
Күдікті — Нұрайдың танысы. Марқұмның жақындары “Курсив” сайтына Нұрай күдіктімен былтыр жазда тойда танысқанын айтқан. Көп өтпей жігіт сөз салып, қазан айында еркінен тыс алып қашқан. Бұл некеге қыз да, оның отбасы да қарсы болған. Қызды полиция көмегімен жігіттің үйінен алып кетіп, артынша арызданған. Бірақ күдікті қайта мазаламайтынын айтып уәде еткендіктен, кешірім берген. Алайда аңду, қорқытып-үркіту тоқтамаған. Бұл бойынша ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне арызданғаны айтылады. Нұрайдың туысы “прокуратура мен полиция бұл арыз бойынша жұмыс жүргізбеген” дейді. 11 қаңтар күні Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтап кеткен.
Ішкі істер министрлігі “полиция арыз бойынша жұмыс жүргізбеді” деген мәлімдемелерге байланысты қызметтік тексеріс тағайындалғанын хабарлады.
2026.1.11 Маңғыстауда күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы ұсынылды
Адвокат Ажар Әбділ марқұм Александр Насибаридің өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің жүрген жері туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы жариялады деп жазады Democrat.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Адвокат Instagram-парақшасында күдіктілердің іздеуде жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстан кейін олар Ресейге қарай шекара асып, кейін Әзербайжан аумағы арқылы Түркияға бағыт алуы мүмкін.
“Олардың орналасқан жерін анықтауға және ұстауға көмектесетін нақты ақпарат үшін жеке сыйақы жариялаймын – 2 000 000 теңге. Сыйақы кепілдендірілген. Заң шеңберінде анонимдік сақталады”, – делінген үндеуде.
Заңгер қылмыс жасалғаннан кейін іздеудегілерді көрген, олармен байланысқа түскен немесе олардың жасырынуына көмектесуі мүмкін әрекеттер (көмек сұрауы, ақша табуы, көлік іздеуі) туралы мәліметі бар азаматтарға үндеу жасады. Сонымен қатар, жарияланымда күдіктілерді жасыру, оларды паналату, көлік, қаражат беру немесе жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілген.
Полиция не дейді?
Маңғыстау облыстық полиция департаменті екі күдіктіге де ресми түрде халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстан құқық қорғау органдары Ресей Федерациясының құзырлы қызметтерімен бірлесіп, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық арналары арқылы іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция өкілдері ауыр қылмысқа күдікті тұлғаларды жасыру, оларға көмек көрсету (ақша, көлік, баспана беру, жалған мәлімет ұсыну) заң бойынша жауапкершілікке соқтыратынын тағы да еске салды.
Құқық қорғау органдары тергеуге көмектесе алатын қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға немесе көрсетілген байланыс нөмірлеріне шұғыл хабарласуға шақырды.
Істің мән-жайы
Ақтаудың 33 жастағы тұрғыны Александр Насибари 2025 жылғы 24 қарашада үйінен шығып, содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған. Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.
8 желтоқсанда оның денесі бұлақ маңынан табылғаны белгілі болды. Марқұмның денесінен 20-дан аса пышақ жарақаты, сондай-ақ, басынан алған жарақаттар анықталған. Бұған дейін Ажар Әбділ күдіктілердің қазақстандықтар екенін хабарлаған.

2026.1.6 В Костанае продажа алкоголя в ночное время стала причиной убийств
В городе за последний год зафиксировано 10 убийств и 42 факта причинения тяжкого вреда здоровью. Люди, совершившие эти преступления, находились в состоянии алкогольного опьянения.
За нарушение антиалкогольного законодательства в 2025 году в Костанае были оштрафованы 155 магазинов. Некоторых привлекали к ответственности до шести раз. Каждый случай продажи алкоголя, по мнению прокуратуры, может стать триггером совершения тяжкого преступления.
– Семь убийств из десяти совершены на почве алкоголя. Кажется, вроде безобидное дело — бутылка водки или еще что-то. Но последствия-то страшные. Поэтому законодательно ограничили время продажи алкогольных напитков и ввели ответственность для владельцев магазинов, — отметил прокурор Костанайской области Марат Сексембаев.
Вопрос обсуждался на встрече, которую прокуратура организовала с бизнесом, пригласив к диалогу полицию и власти города.
В полиции Костаная в пример приводят сентябрьский случай, когда горожанин зашел в магазин и купил алкоголь в запрещенное время. После этого он зашел в гости к своему знакомому и, после совместного распития спиртного, нанес ему два ножевых удара в грудь.
– Один и тот же магазин — называть не буду — получает шесть штрафов за год. Но по закону штрафуют не торговую точку, а ИП. Предприниматель переписывает лицензию на продажу алкоголя на сестру, маму, папу, сына и продолжает работать, — отметил аким Костаная Марат Жундубаев.
Предприниматели же не согласны с таким положением дел. Владельцы магазинов полагают, что рейды и тайные закупки незаконны, особенно когда алкоголь покупают подосланные полицией люди. Более того, они настаивают на том, что штрафовать за продажу алкоголя следует продавцов, а не владельцев торговых точек.
– Мы физически не в состоянии стоять возле продавца и контролировать его. Если вопрос стоит так остро, закройте ночные магазины. Для чего они работают? Мы же прекрасно понимаем: за хлебом и молоком в два часа ночи никто не пойдет, — отметила владелица одного из магазинов у дома Сауле Сакитаева.
Предприниматели считают, что если ответственность за незаконную продажу алкоголя будет лежать на продавцах, то и нарушений станет меньше. Однако закон трактует ситуацию однозначно: только владелец магазина может иметь лицензию на реализацию алкогольной продукции. Это означает, что продавец не может нести ответственность. В случае реализации алкоголя в запрещенное время ответственность ложится на работодателя.

评论

发表回复

您的邮箱地址不会被公开。 必填项已用 * 标注

More posts